Коронавирус жұқтырғандар саны кешегіден де көп

1035

76 науқастың жағдайы өте ауыр.

Коронавирус жұқтырғандар саны кешегіден де көп

Өткен тәулікте 1663 адамнан COVID-19 вирусы анықталды, деп хабарлайды inbusiness.kz порталы coronavirus2020.kz-ке сілтеме жасап.

Нұр-Сұлтанда – 356, Алматыда – 526, Алматы облысында – 191, Батыс Қазақстан облысында – 96, Қарағанды облысында – 93, Ақтөбе облысында – 82, Атырау облысында – 75, Шымкент қаласында – 47, Ақмола облысында – 38, Қостанай облысында – 37, Шығыс Қазақстан облысында – 24, Жамбыл облысында – 24, Солтүстік Қазақстан облысында – 21, Қызылорда облысында – 13, Маңғыстау облысында – 13, Түркістан облысында 7 адамнан COVID-19 анықталған.

Елімізде індеттің алғашқы жағдайы тіркелгелі бері жұқтырғандар саны 244 981-ге жетіп отыр. 

31 наурыздағы мәліметке сәйкес, 24 642 науқас короновирус инфекциясынан емделіп жатыр. Олардың ішінде 8 327 пациент стационарда, 16 315 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда.

Коронивирус жұқтырғандар арасында 353 адамның жағдайы ауыр, 76 пациенттің жағдайы өте ауыр, 46 науқас өкпені жасанды желдету аппаратына қосылған.

Бүгінде 219 094 адам дертінен айыққан, өкінішке қарай індеттен 3046 аурудан көз жұмды.

Сондай-ақ COVID-19 белгілері бар пневмонияға шалдығудың 82 жаңа дерегі тіркелді. 4 науқас қайтыс болған, ал 199 адам жазылған.

2020 жылдың 1 тамызынан бері коронавирус пневмониясымен 50 525 ауырған. Олардың 48 036-сы сауығып шықса, 688 адам көз жұмды. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу