Коронавирус жұқтырғандардың 40% қай өңірде тұратыны белгілі болды

931

Ақмола, Павлодар, Атырау, Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Батыс Қазақстан облыстары мен Нұр-Сұлтан, Алматы қалалары коронавирусқа қатысты эпидемиологиялық ахуал бойынша "қызыл" аймақта тұр. 

Коронавирус жұқтырғандардың 40% қай өңірде тұратыны белгілі болды

Үкіметтің кеңейтілген отырысында осындай ақпарат таратқан денсаулық  сақтау министрі Алексей Цой еліміздің 3 өңірінде індет өршіп кеткенін айтты. 

"Ақмола, Павлодар, Қостанай облыстарында эпидемиологиялық ахуалды жеткілікті деңгейде бақылау жүргізіліп жатқан жоқ. Коронавирус жұқтырған азаматтардың 40% осы облыстардың тұрғындары. Аталған өңірлердің әкімдері тиісті әрі тиімді шектеу шараларын енгізіп, оның сақталуын бақылаулары керек", – деді Алексей Цой. 

Қанат Махамбет 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу