"Балалар арасында коронавирус жұқтырған 45 жағдай тіркелді. Олардың бүгінде төртеуі жазылып шықты. Қалған балалардың жағдайы жеңіл дәрежеде деп бағаланып отыр", – деген Айжан Есмағамбетова 1 сәуірден бастап шекара бекеттерінде теміржол мен көлік арқылы кірген жолаушылардың барлығынан тест алынып жатқанын еске салды.
"Менің қаулым бойынша 1 сәуірден бастап барлық шекара бекеттерінде теміржолмен және көлікпен қатынаушылар тиісті тексерулерден өтіп, вирусқа қарсы тест тапсырады. Тест нәтижесі теріс болған жағдайда жолаушылар 14 күндік үй карантиніне жіберіледі. Ал ауру белгілері анықталса, емдеуге оқшауланады", – деді ол онлайн-брифингте.
Есжан Ботақара