Коронавирус жұқтырғандардың арасында 302 адамның жағдайы ауыр

667

Денсаулық сақтау министрлігінің коронавирус инфекциясына шалдыққандар туралы 2021 жылғы 5 қаңтардағы ақпараты.

Коронавирус жұқтырғандардың арасында 302 адамның жағдайы ауыр

"5 қаңтардағы мәлімет бойынша, 22 949 адам короновирус инфекциясынан (10 769 КВИ+ және 12 180 КВИ-) емделуде, олардың ішінде 5 328 пациент стационарда, 17 621 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда. КВИ+, КВИ- шалдыққандардың арасында 302 адамның жағдайы ауыр, 47 пациенттің жағдайы өте ауыр, 40 науқас ӨЖЖ аппаратында жатыр",– деп жазылған ДСМ-нің бүгінгі хабарламасында.

Айта кетсек, шұғыл штаб өткен тәулікте 723 адамнан коронавирус анықталғанын хабарлады. Осылайша елде індеттің алғашқы жағдайы тіркелгелі бері 158302 адам ауырыпты. Оның 145194-і жазылып шыққан.

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу