Коронавирус жұқтырғандардың арасында балабақша балдырғандары да бар

688

Елордалық санитар-дәрігерлер қаладағы барлық мектепті онлайн режиміне көшіруді жоспарлап отырғаны жайдан-жай емес. Жазғы уақытпен салыстырғанда қазіргі кезде бас қаланың балалары арасында коронавирусты жұқтыру жағдайы көбейген.

Коронавирус жұқтырғандардың арасында балабақша балдырғандары да бар

Нұр-Сұлтан қаласының бас санитарлық дәрігері Жанна Пралиеваның мәліметінше, 14 жасқа дейінгі балалар арасында COVID-19  жұқтыру көрсеткіші 7%-ға, жасөспірімдер 1,4%-ға өскені байқалған.

"Мектепке дейінгі және мектеп жасындағы балалар арасында да тіркелулер бар", – дейді ол.

Оқу жылының басынан бері барлығы 224 оқушы ауырса, оның 179-ы қашықтан оқып жатқандар. Мектеп бойынша 590 адам тексерілген. Сөйтіп, 1 мұғалім мен 8 оқушы сырқаттанғандармен байланыста болғаны үшін ауырғаны анықталған.  

Қымбат Нұрғали

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу