Коронавирус жұқтырғандардың басым бөлігі – жастар

590

Жағдайы ауыр науқастар саны артуда. 

Коронавирус жұқтырғандардың басым бөлігі – жастар

Алматы қаласы Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Қамалжан Надыровтың мегаполисте індет жұқтырғандардың көбі жастар екенін айтады. 

"Індет жұқтырғандарды жас ерекшелігіне байланысты бөліп қарасақ, 20-29 жас аралығындағылар – 36,8%, 30-39 жас аралығындарғылар – 18,9%, 40-49 жастағылар – 14,5%, 60 және одан егде жастағылар 8,5% болып келеді. Сонымен қатар науқастардың 5,1%-ы балалар болса, 4,9%-ы 15-19 жас аралығындағы жасөспірімдер", – деді Қамалжан Надыров.

Сондай-ақ ол скрининг статистикасына тоқталды. 

"Індет жұқтырғандардың 67,7%-ы байланыста болғандарды тексеру барысында анықталды. 33,9%-ы қатерлі топтағы азаматтарды тестілеу барысында, 9,4%-ы індет белгілерімен өздері хабарласқаннан кейін анықталды", – деді басқарма басшысы. 

Қазіргі кезде қаланың инфекциялық стационарларында 1226 адам бар. Оның 57-сі – бала. Ал 5 науқастың жағдайы – өте ауыр, 62 науқастың жағдайы – ауыр. 575-і орташа ауырлық күйінде, 584 адамның жағдайы қанағаттандырарлық. Сонымен қатар жұқпалы аурулар ауруханасында 55 симптомсыз науқас ем қабылдауда. Бұл ретте Камалжан Надыров қалада жағдайы ауыр накқастардың саны күрт өскенін айтады. 

"Соңғы аптада жағдайы ауыр науқастар саны екі есе өсті. Бір апта бұрын олардың саны 36 болса, қазір аурулары асқынып, жағдайлары ауыр 62 науқас бар", – деді ол. 

Құралай Құдайберген

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу