Коронавирус жұқтырғандардың жалпы саны 3964-ке жетті

586

Қазақстандағы коронавирус бойынша 4 мамыр сағат 09:20-дағы эпидемиологиялық жағдай.

Коронавирус жұқтырғандардың жалпы саны 3964-ке жетті

Коронавирус індетін жұқтырған тағы 44 жағдай тіркелді, деп хабарлады шұғыл штаб. Батыс Қазақстан облысы жаңадан 12 жағдай тіркелсе, Шымкент қаласында – 1, Алматы қаласында – 6, Ақтөбе облысында – 7, Атырау облысында – 3, Жамбыл облысында – 3, Нұр-Сұлтан қаласында – 8, Қарағанды облысында 4 адамнан инфекция анықталды.

Еліміз бойынша барлығы 3964 адам коронавирус жұқтырған. Нұр-Сұлтан қаласында – 698, Алматы қаласында – 1291, Шымкент қаласында – 212, Ақмола облысында – 100, Ақтөбе облысында – 160, Алматы облысында – 149, Атырау облысында – 184, Шығыс Қазақстан облысында – 29, Жамбыл облысында – 152, Батыс Қазақстан облысында – 186, Қарағанды облысында – 159, Қостанай облысында – 50, Қызылорда облысында – 214, Маңғыстау облысында – 65, Павлодар облысында – 150, Солтүстік Қазақстан облысында – 30, Түркістан облысында – 135.

Бүгінге дейін 1084 адам ем алып, жазылып шықты.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу