Коронавирус жұқтыру дерегі 3 өңірде тіркелді

776

Елде 1600-ден аса науқас COVID-19 вирусынан емделіп жатыр. 

Коронавирус жұқтыру дерегі 3 өңірде тіркелді

Қазақстанда коронавирус жұқтыру дерегі 3 өңірде тіркелді, деп хабарлайды inbusiness.kz.

Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, өткен тәулікте COVID-19 вирусы 10 адамнан анықталды.

Өңірлердегі статистика:
Нұр-Сұлтанда – 4,
Алматыда – 5,
Алматы облысында – 1.

Елде коронавирус жұқтырғандар саны 1 млн 305 мың 543 жетті. 

Сондай-ақ 12 адам COVID-19 вирусынан айықты.

Өңірлердегі статистика:
Нұр-Сұлтанда – 4,
Алматыда – 4,
Алматы облысында – 3,
Шығыс Қазақстан облысында – 1.

Қазақстанда барлығы 1 млн 291 мың 78 адам COVID-19-дан емделіп, сауығып шықты.

1 мамырдағы мәлімет бойынша 1 663 адам коронавирустан емделіп жатыр. 

"Оның ішінде 85 пациент стационарда, 1 578 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда.13 адамның жағдайы ауыр, 1 пациенттің жағдайы өте ауыр, 2 науқас өкпені жасанды желдету аппаратына қосылған", - деп жазылған хабарламада.

Елде коронавирусқа қарсы  вакцинаның бірінші компонентін 9 млн 485 мың 299 адам, екінші компонентін 9 млн 245 мың 540 адам салдырды.

2022 жылғы 30 сәуірде Pfizer вакцинасының бірінші дозасын 1 млн 72 мың 942 адам, екінші дозасын 925 мың 45 адам алды. 
Оның ішінде: 
Бірінші компонентімен
Жасөспірімдер – 826 665, 
Жүкті әйелдер – 38 356,
Бала емізетін әйелдер – 136 640.

Екінші компонентімен
Жасөспірімдер – 755 504, 
Жүкті әйелдер – 33 286,
Бала емізетін әйелдер – 121 089.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу