Коронавирус жұқтырудан қай ел "алда" тұр

622

Әлемде инфекция жұқтырғандардың жалпы саны 231 551 680-ге жеткен, деп хабарлайды inbusiness.kz ВАК каналына сілтеме жасап.

Коронавирус жұқтырудан қай ел "алда" тұр

Бір тәулік ішінде жұқтырғандар саны – 286 483. Коронавирус ауруынан құрбан болғандар саны 4 743 708 адамға дейін өсті. Джонс Хопкинс университетінің мәліметтері бойынша, сырқаттанушылық фактілері бойынша АҚШ алдыңғы орында – 43 942 335 адам індет жұқтырған. Екінші орында Үндістан – 33 693 148 адам. Бразилия үшінші орында, мұнда 21 366 395 жағдай тіркелген.

Айта кетсек, COVID-19 вакцинациясының толық курсынан өткен шетелдіктер Жапонияға жеңілдетілген тәртіппен кіре алады. Шектеу шаралары 1 қазаннан бастап жеңілдейді. Вакцинацияланған туристер арнайы мекемеде үш күндік карантиннен босатылып, тұрғылықты жерінде оқшаулана алады. Министрлер кабинетінің Бас хатшысы Като Жапония көрші елдерге COVID-29 вакцинасының 1,3 миллион дозасын жіберетінін айтты. Көмек Тайвань, Вьетнам, Таиланд және Брунейге жөнелтіледі.

Жапонияда 1 қазаннан бастап тиісті тексеруден өткен тамақтану орындары жергілікті биліктің рұқсатымен алкогольді сусындарды сата алады. Сонымен қатар олардың жұмыс уақыты 21:00-ге дейін ұзартылады. ТЖ режимі 19 префектурада әрекет етеді.

Үндістанның Гоа штаты аймақтың барлық тұрғындарын вакцинациялағаннан кейін туристерді қабылдауды қайта бастайды. Олар вакцинацияны 31 қазанға дейін аяқтауды жоспарлап отыр. Гоа Бас министрі Прамод Саванттың айтуынша, аймақ билігі чартерлік рейстерді штатқа алдыртуды қайта бастауға рұқсат сұрады.

Латвия Үкіметі дәрігерлерге, мұғалімдерге және әлеуметтік қызметкерлерге міндетті вакцинация енгізді. Талап 15 қарашадан бастап күшіне енеді. Егер қызметкерлер клиенттермен немесе адамдар көп жиналатын орындарда жұмыс жасайтын болса, әріптестерімен ұзақ байланыста болуды қажет ететін немесе кәсіпорынның үздіксіз жұмысын қамтамасыз ету бағытында жұмыс жасайтын болса жұмыс берушілер олардан вакцинацияны талап ете алады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу