Коронавирусқа ақылы түрде тест жасау тоқтатылды

1146

"Ұлттық сараптама орталығы" АҚ COVID-19-ға зертханалық сараптама жүргізу бойынша ақылы қызмет уақытша тоқтатылғанын хабарлады.

Коронавирусқа ақылы түрде тест жасау тоқтатылды

"Ұлттық сараптама орталығы" АҚ коронавирусқа ақылы түрде ПТР-тест жасау қызметін тоқтатты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

"2020 жылдың 25 маусымындағы ҚР Бас санитарлық дәрігерінің №43 қаулысына сәйкес, COVID-19-ға зертханалық сараптама жүргізу бойынша ақылы қызмет уақытша тоқтатылды. Тегін тестілеу сұрақтары бойынша емханаларға хабарласуыңызды сұраймыз", – деп жазылған Ұлттық сараптама орталығының хабарламасында.

Айта кетейік, Ұлттық орталықта коронавирусқа ақылы ПТР тестілеу жүргізу құны 11 500 теңге болатын.

Бұған дейін Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент, Қарағанды және Орал қалаларында жеке тұлғалардан анализ алудың уақытша тоқтайтыны хабарланған еді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу