Коронавирусқа байланысты Алматы ауруханаларында жаңа лауазым ашылды

596

Бұл қоғамдық қауіпсіздік үшін маңызды болмақ.  

Коронавирусқа байланысты Алматы ауруханаларында жаңа лауазым ашылды

Бұл туралы Камалжан Надыров Алматы қаласы Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы ретінде өткізген алғашқы брифингінде мәлімдеді. 

"Қазіргі жағдайға байланысты медициналық мекемелерде инфекциялық бақылауды күшейту үшін қаланың барлық стационарларында инфекциялық бақылау бойынша бас дәрігердің орынбасары лауазымы енгізілді. Бұл госпитальдардағы эпидемиологтардың деңгейін көтеріп, инфекциялық бақылауды өз деңгейінде болуына әсер етеді", – деді ол. 

Сонымен қатар Камалжан Надыров алғашқы медициналық көмек мекемелерінде инфекционистердің қызметі арта түсетінін мәлімдеді. 

"Бұл қоғамдық қауіпсіздік үшін маңызды", – деді басқарма басшысы. 

Құралай Құдайберген

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу