Коронавирусқа қарсы 13 стационар жұмыс істеп тұр

641

Науқастарға орын жетпеуі мүмкін. 

Коронавирусқа қарсы 13 стационар жұмыс істеп тұр

Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгінов Covid-19 індетінің елордадағы салдарына қатысты мәлімдеме жасады. 

Шаһар басшысының сөзінше, Нұр-Сұлтан қаласының 5 984 тұрғыны 
коронавирус инфекциясын жұқтырған. Науқастардың 54% немесе 3 248 адам аурудан айыққан. Өкініштісі, 61 адам қайтыс болған. 

"Инфекциялық және провизорлық стационарлардың саны көбейттік. Карантин басталған уақытта 3 стационарда мыңға жуық орын болса, қазір 13 стационар жұмыс істеп тұр. Мұндағы 3 700 орынның 87% толды", – деді Алтай Көлгінов.

Қанат Махамбет 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу