Коронавирусқа қарсы алғаш рет екпе жасалды

1555

44 жастағы азаматшаға келесі аптада вакцинаның екінші мөлшері егіледі. Сосын ол бір жыл дәрігерлердің бақылауында болады.

Коронавирусқа қарсы алғаш рет екпе жасалды

COVID-19-ға қарсы әзірленген вакцина алғаш рет індетті жұқтырған Дженнифер Халлер есімді әйелге егілді, деп хабарлайды Atameken Business.

Америкалық бірнеше секундқа созылатын бұл процедураның әдеттегі тұмауға қарсы жасалатын екпемен бірдей екенін айтады.

Инъекция оның сол жақ иығына жасалылыпты. Алғашқы күні дене қызуы көтеріліп, екінші күні қолы қатты ауырған, содан кейін денсаулығы қалпына келген. Дейтұрғанмен, ол сақтық үшін оқшауланған.

44 жастағы азаматшаға келесі аптада вакцинаның екінші мөлшері егіледі. Сосын ол бір жыл дәрігерлердің бақылауында болады. Бұл жайлы жазған The Telegraph аталмыш вакцинаға мРНК-1273 деген атау берілгенін хабарлады. Оны "Сиэтл" ұлттық аллергия және жұқпалы аурулар институты жасаған.

Алдымен екпе жануарға жасалыпты. Нәтижесі жақсы болғандықтан оны адамдарға  сынап көруге шешімі қабылданыпты. Мұнан соң, ерікті түрде ем қабылдауға ықылас білдірген 45 адам таңдалған. Әрқайсысына 28 күн аралығымен бір екпеден жасалған. Сынаққа қатысқандардың денсаулығы 2021 жылдың көктеміне дейін бақыланбақ.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу