Коронавирусқа қарсы дәрі сатып алудың қажеті жоқ – ДСМ

949

Учаскелік дәрігерлер вирусқа қарсы дәрілерді тегін тағайындайды. 

Коронавирусқа қарсы дәрі сатып алудың қажеті жоқ – ДСМ

Коронавирустың кезекті толқынына дайын болу үшін дәріханаға жүгірудің қажеті жоқ. Бұл жолы дертіне дауа іздегендер емханаларға жүгінетін болады. Өйткені жергілікті емханалар індетке төтеп беретін дәрілермен жабдықталып отыр. Бұл туралы Денсаулық сақтау вице-министрі  Ажар Ғинаят айтты.

"Бүгінде  барлық емханаларда коронавирустан амбулаторлық емделуге қажет дәрі-дәрмек бар. Бұл бес дәріні біздің учаскелік дәрігерлер тағайындайды. Сондықтан коронавирус инфекциясының ықтимал екінші толқынына дайындалу үшін ешқандай дәрі-дәрмек сатып алудың қажеті жоқ. Сондай-ақ, тегін дәрілердің тізбесіне жедел респираторлық вирустық инфекциямен және пневмонияның бактериялық, вирустық түрлерімен ауырғандарға да 5 дәрі енгізілді. Оған ыстық түсіретін, қабынуға қарсы дәрілер мен антибиотиктер кіреді. Барлық дәріні учаскелік дәрігер науқастың жағдайына қарай  тағайындайды", – деді Ажар Ғинаят.

Есжан Ботақара

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу