Коронавирусқа қарсы дәрі себілген көшеге 5 сағат бойы шығуға болмайды

1870

Дәурен Абаев Алматы көшелерін қандай дәрімен дезинфекциялап жатқаны туралы мәлімет берді.

Коронавирусқа қарсы дәрі себілген көшеге 5 сағат бойы шығуға болмайды

Коронавирусқа қарсы қолданылатын дезинфекциялық дәрілердің адам мен жануарға зияны жоқ. Бірақ сақтық үшін 5 сағат бойы көшеге шықпаған жөн. Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дәурен Абаев алматылықтарға осындай кеңес берді.

 "Алматы қаласы бойынша дезинфекция орталығы заманауи дәрілерді қолданады. Олар қауіптілігі бойынша төртінші санатқа, яғни қаупі төмен санатқа жатады. Демек, олар адам мен жануарлардың денсаулығына зиян тигізе алмайды. Барлық ерітінділер  нұсқау бойынша жасалып, тек рұқсат етілген түрлері ғана қолданылады. Дезинфекциялық шаралардан кейін 5 сағат бойы көшеге шықпау туралы ескертулер сақтық шараларының міндетті шарты. Оны да нұсқау бойынша орындау қажет", – деді министр онлайн брифингте.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу