"Қазақстанда соңғы екі аптада коронавирус індетінен емделіп жатқан науқастардың саны 12 мыңға азайды. Жалпы елімізде коронавирусқа қарсы вакциналау кең ауқымда жүргізілуде. Бүгінгі таңда елде 3,2 млн доза вакцина пайдаға жарады. Оның ішінде вакцинаның алғашқы компоненті 2 млн 131 мың 519 адамға салынды. Бұл – екпе салынатын азаматтардың 21 пайызын құрайды", - деді Алексей Цой Үкімет отырысында.
Оның айтуынша вакцинаның екінші компоненті 1 млн 74 мың 954 адамға салынған.
"Екпе пунктерінде вакцинаның қажетті көлемі бар", – дейді министр.
Аян Бекенұлы
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу