Коронавирусқа қарсы екпені ақылы түрде салғызуға бола ма?

936

Қазақстанда СОVID-19 вирусына қарсы вакцина ақылы түрде салуға рұқсат берілмеген. Бұл туралы ҚР Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz тілшісі.  

Коронавирусқа қарсы екпені ақылы түрде салғызуға бола ма?

Министр елімізде ресми түрде жеткізілген коронавирусқа қарсы вакцина бар екенін екенін айтты.

"Олар мемлекеттің игілігі үшін пайдаланылады. МӘМС жүйесіндегі жеке клиникалардың қормен келісім шарты бар. Олар коронавирусқа қарсы екпені тегін салып жатыр", - деді Алексей Цой ОКҚ-де өткен баспасөз мәслихатында.

Ол заңды бұзу дерегі тіркелсе, тиісті мәліметті беруді сұрады.

"Коронавирусқа қарсы вакцинаны ақылы түрде салу, оны сату дерегі туралы мәліметті білсеңіз, мені хабардар етіңіз. Себебі, бүгінде Қазақстанда СОVID-19 вирусына қарсы вакцина ақылы түрде салуға рұқсат берілмеген", - деді министр.

Айта кетейік, осыған дейін елімізде коронавирусқа қарсы вакцина сатылымда жоқ екені хабарланған болатын.

Дәурен Ерболат

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу