Коронавирусқа қарсы күреске ӘМСҚ-дан қосымша қаржы бөлінуі мүмкін

1249

Заң бойынша қор активінің 3 пайызын құрайтын резерв төтенше жағдай кезінде медициналық қажеттілікке қолданылады. 

Коронавирусқа қарсы күреске ӘМСҚ-дан қосымша қаржы бөлінуі мүмкін

Коронавируспен күресуге Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорынан қосымша қаржы бөлінуі мүмкін, деп хабарлайды Atameken Business.

Заң бойынша қор активінің 3 пайызын құрайтын резерв төтенше жағдай кезінде медициналық қажеттілікке қолданылады. Үкімет "қиын күндерге деп" сақталған қаржыны пайдалану мәселесін қазір қарастырып жатыр. Бүгінгі күнге сақтандыру қорына 370 млрд 901 млн теңге түскен. Бұл ақшаның бір бөлігі медициналық қызмет көрсетуші мекемелерге берілді. Ал, 240 млрд теңге Ұлттық банктың депозиты мен мемлекеттік құнды қағаздардан тұратын инвестициалық портфельге салынған, сол арқылы айналымда.

Мемлекет басшысы міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесін енгізуді тағы үш айға шегерді. Нәтижесінде, сақтандырылмаған азаматтардың медициналық көмек алу құқығы 1 шілдеге дейін ұзартылды. Яғни, медициналық көмек азаматтарға бұрынғыдай қолжетімді болып қала береді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу