Коронавирусқа қарсы күреске үкімет қорынан 41,4 млрд теңге бөлінген

1145

41 млрд теңгенің жартысынан көбі, яғни 23,5 млрд-ды эпидемиямен негізгі күресуші – Денсаулық сақтау министрлігіне берілген. 

Коронавирусқа қарсы күреске үкімет қорынан 41,4 млрд теңге бөлінген

Үкімет қорынан коронавирусқа қарсы күреске 41 млрд 428 млн теңге бөлінген. Қаржы министрлігі "Atameken business" арнасының резервтегі ақшаның есеп-қисабына қатысты жолдаған ресми сауалына осындай жауап қайтарды.

Вице-министр Берік Шолпанқұловтың қолы қойылған құжатқа қарағанда, бұл 1 маусымдағы көрсеткішке сәйкес ақпарат.

Сонымен, 41 млрд теңгенің жартысынан көбі, яғни 23,5 млрд-ды эпидемиямен негізгі күресуші – Денсаулық сақтау министрлігіне берілген. Соның ішінде: 21,4 млрд теңге аймақтарға трансферт есебінде жіберілсе, 1,6 млрд теңге дәрігерлер мен медициналық мекемелерді қажетті құрал-жабықтармен қамтуға, 38 млн теңге маска-қолғап алуға, 428,2 млн теңге тепловизор мен реагенттерге, ал 310 млн теңге жедел-жәрдем көліктерін жабдықтауға жұмсалыпты. 41 млрд теңгенің өзге жартысы Қорғаныс пен Ішкі істер министрлігі өкілдерінің қорғануына беріліпті.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу