Коронавирусқа қарсы ресейлік вакциналар иммунитетті екі-үш жылға дейін қорғайды деп болжануда

897

Дегенмен мұны тек эксперимент арқылы білуге болады. 

Коронавирусқа қарсы ресейлік вакциналар иммунитетті екі-үш жылға дейін қорғайды деп болжануда

Роспотребнадзордың "Вектор" мемлекеттік ғылыми-зерттеу орталығының (МҒО) бас директоры Ринат Максютовтің айтуынша, осы орталықта жасалған коронавирусқа қарсы  вакцинаны үш жылда бір реттен жиі егудің қажеті болмайды.

"Еріктілердің иммуногендігін тоғыз ай ішінде зерттеп, аяқтаймыз. Екпе циклінен кейінгі келесі ревакцинацияны үш жылда бір реттен жиі талап етілмейтін кене энцефалитіне қарсы вакцина тәрізді режимді қолданамыз деп отырмыз", – дейді Максютов.

Ал Гамалея орталығының директоры, академик Александр Гинцбург вакцинаның ұзақтығы туралы сұраққа біржақты жауап беру қиын екенін айтуда. 

"Эбола вирусына қарсы осы платформада жасалған вакцина екі жыл бойы қорғауды қамтамасыз етеді, бұл бақылау кезеңі. Вакцина қабылдағандар бұдан да ұзақ уақытқа қорғалуы мүмкін, бірақ мұны тек эксперимент арқылы білуге болады" – деп айтып өтті Александр Гинцбург.

Бірінші ресейлік вакцина Денсаулық сақтау министрлігінің Гамалея атындағы институты жасаған "Спутник V". Бұл қауіпсіз аденовирусқа негізделген векторлық вакцина.

Ал COVID-19 індетіне қарсы "Вектор" МҒО әзірлеген "ЭпиВакКорона" деп аталатын тағы бір екпе пептидті антигендер негізінде жасалған.

Нұржан Көшкін
 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу