Коронавирусқа қарсы вакцина алғандарға анықтама қағаз жүзінде беріледі

1142

1 маусымнан бастап коронавирус вакцинасын алған азаматтарға анықтама қағаз жүзінде де беріледі. Тиісті қаулыға Қазақстанның бас мемлекеттік санитарлық дәрігері Ерлан Қиясов қол қойды, деп хабарлайды inbusiness.kz. 

Коронавирусқа қарсы вакцина алғандарға анықтама қағаз жүзінде беріледі

"Коронавирусқа қарсы вакциналау жүргізіп жатқан медициналық ұйымдар тиісті анықтаманы беруі керек. Қазақстан Республикасының азаматтарына талаптары бойынша анықтама 2021 жылдың 1 маусымынан бастап осы әдістемелік кеңестің 5-ші қосымшасына сәйкес формамен қағаз жүзінде берілуі керек", – деп жазылған қаулыда.

Сонымен бірге вакциналау туралы анықтама Қазақстанда екпе алған шетел азаматтарына да беріледі. Одан бөлек медициналық ұйымдар 1 шілдеден бастап шетелде вакцина алған қазақстандықтар үшін "Вакциналау" модулін енгізеді. Яғни шетелде екпе алған қазақстандықтар екпе алғанын дәлелдейтін құжат алып келуі керек.

Медицина мамандары сондай-ақ мүмкіндігі шектеулі жандарды үйіне барып вакциналау жұмысын жолға қоймақ.

Аян Бекенұлы

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу