Коронавирусқа қарсы вакцина қашан егіледі?

1889

Бұл сұраққа үкімет отырысында денсаулық сақтау министрі Алексей Цой жауап берді.

Коронавирусқа қарсы вакцина қашан егіледі?

"Коронавирус инфекциясына қарсы вакцина егу шаруасын жеделдету мақсатында келесі бағытта жұмыс жүргізілуде: 2021 жылғы 19 қаңтарда "Спутник V" вакцинасының 20 мың дозасын әкелу жөнінде Қарағанды фармкешені мен Ресей Федерациясы тікелей инвестиция қоры келісімге келеді. 20 қаңтарда вакциналарды "СҚ-Фармация" компаниясына арнайы тәртіп бойынша бір рет әкелуге рұсқат беру көзделген. Осыдан кейін халықтың бұған дейін белгіленген топтарына 1 ақпаннан бастап коронавирус инфекциясына қарсы вакцина салу жоспарланып отыр", – деді Денсаулық сақтау министрі. 

Қанат Махамбет 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу