Коронавирусқа қарсы вакцина тоңазытқышпен тасымалданады

1133

Денсаулық сақтау бірінші вице-министрі Марат Шорановтың мәлімдеуінше, коронавирусқа қарсы вакцинаны сақтау үшін өңірлер тоңазытқыш сатып алып жатыр.  

Коронавирусқа қарсы вакцина тоңазытқышпен тасымалданады

"Вакцинаның сапасын қамтамасыз ету үшін өңірлер тоңазытқыш сатып алып жатыр. Тоңазытқыштарда вакцина сақталады және сол арқылы тасымалданады", – деді Марат Шоранов орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында.

Бірінші вице-министрдің түсіндіруінше, вакцинаны жеткізу 4 негізгі кезеңнен тұрады. Ең әуелі өндіруші вакцинаны бірыңғай дистрибьютордың қоймасына жеткізеді. Бірыңғай дистрибьютор вакцинаны өңірлердегі денсаулық сақтау басқармаларының дәріхана-қоймасына жөнелтеді. Өңірлердегі денсаулық сақтау басқармалары вакцинаны қалалар мен аудандардағы медициналық ұйымдарға үлестіреді. Ең соңында медициналық ұйымдарда сақталып тұрған вакцина тиісінше қолданылады.

Қанат Махамбет

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу