Коронавирусқа қарсы вакцинация оразаны бұза ма

1307

Биыл ораза 13 сәуірде басталып, 12 мамырға дейін жалғасады.

Коронавирусқа қарсы вакцинация оразаны бұза ма

Санитариялық – эпидемиологиялық бақылау комитетіне қасиетті Рамазан айында ораза ұстауды жоспарлап отырған мұсылман қауымынан екпе жайында бірқатар сұрақ түскен. Олардың басым бөлігі коронавирусқа қарсы вакцинация оразаны бұзатын не бұзбайтындығына қатысты болған. Комитет қызметкерлері бұл сұрақтарға жауап беру үшін мешіт қызметкерлеріне жүгінген.

Дін өкілдерінің сөзінше, егер белгілі бір заттың ас қорыту жүйесіне ауыз, мұрын сияқты табиғи саңылаулар арқылы енсе, ораза бұзылады. Ал инъекциялар кезінде және коронавирустық вакцинаны енгізу аталған жағдайларға жатпайды. Сондықтан COVID-19-ға қарсы вакцинаны қабылдау оразаны бұзбайды.

Сондай-ақ, мешіт қызметкерлері емдеу мақсатында қолданылатын инъекцияларға рұқсат етілгенін (дәрумендер мен қоректік қасиеті бар инъекциялар жатпайды) мәлімдеді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу