Коронавирусқа қарсы жаппай екпе егу 2021 жылғы ақпан айында басталады

2254

Қарағанды фармацевтикалық кешені базасында кезең-кезеңімен 2 млн доза вакцина өндіріледі. 

Коронавирусқа қарсы жаппай екпе егу 2021 жылғы ақпан айында басталады

Премьер-министр Асқар Мамин Қарағанды фармацевтикалық кешеніне барып, Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев пен Ресей Федерациясының Президенті Владимир Путиннің арасындағы уағдаластықтарды іске асыру аясында "Спутник V" вакцинасын өндіруді бастап берді, деп хабарлады primeminister.kz.

"Қазақстанда өндірілген "Спутник V-мен" жаппай вакцинация 2021 жылғы ақпан айында басталады. Бірінші кезекте екпе ерікті негізде медицина қызметкерлері, педагогтер, студенттер, құқық қорғау органдарының қызметкерлері, медициналық-әлеуметтік мекемелердің контингенті, сондай-ақ созылмалы аурулары бар қауіптілік топтарының өкілдеріне салынады", – деді А. Мамин.

ҚР Премьер-министрі Қазақстанда "Спутник V" вакцинасының өнеркәсіптік өндірісін жергіліктендірудің ерекше маңыздылығын атап өтті.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу