Коронавирусқа шалдыққан 30 науқастың жағдайы ауыр – министрлік

1159

Қазақстанда 13 444 науқас коронавирустан емделуін жалғастыруда, деп хабарлайды inbusiness.kz.  

Коронавирусқа шалдыққан 30 науқастың жағдайы ауыр – министрлік

1 желтоқсандағы мәліметке сәйкес, қазіргі уақытта коронавирус инфекциясынан 13 444 адам ем қабылдауын жалғастыруда. Олардың арасында 912 бала бар. Стационарларда 3 586 науқас жатыр. 9 858 адам амбулаториялық жағдайда емделуде.

Жалпы науқастардың арасында 232 адамның жағдайы нашар. Соның ішінде 30 науқастың халі аса қатты ауыр деп бағалануда. 31 науқас өкпені жасанды желдету аппаратына қосылған", - делінген ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің ақпаратында.

Бүгінге дейін коронавирус инфекциясы барлығы 132 348 адамнан анықталды. Оның ішінде 116 863 науқас жазылып шықты, 1990 адам қайтыс болды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу