Коронавирусқа шалдыққандар арасында 260 адамның жағдайы ауыр

736

Денсаулық сақтау министрлігінің коронавирус инфекциясына шалдыққандар туралы 2021 жылғы 1 ақпандағы ақпараты.

Коронавирусқа шалдыққандар арасында 260 адамның жағдайы ауыр

"1 ақпандағы мәлімет бойынша, 28 050 адам короновирус инфекциясынан (16 646 КВИ+ және 11 404 КВИ-) емделуде, олардың ішінде 6 414 пациент стационарда, 21 636 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда. КВИ+, КВИ- шалдыққандардың арасында 260 адамның жағдайы ауыр, 52 пациенттің жағдайы өте ауыр, 42 науқас ӨЖЖ аппаратында жатыр",– деп хабарлады ДСМ.

Айта кетсек, өткен тәулікте елімізде 1259 адам коронавируспен тіркелді. Осылайша індет жұқтырғандардың жалпы саны 187970-ке жетті. Олардың бүгінге дейін 168768-і сауығып шыққан.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу