Коронавирусқа шалдыққандардың жағдайы қалай

976

Елімізде 45 012 адам COVID-19-дан емделіп жатыр, деп хабарлайды inbusiness.kz COVID-19 таралуына жол бермеу жөніндегі ВАК мәліметіне сүйеніп.

Коронавирусқа шалдыққандардың жағдайы қалай

4 мамырдағы жағдай бойынша, індетке шалдыққандардың ішінде 15 517 пациент стационарда, 29 495 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда.

"КВИ+, КВИ- шалдыққандардың арасында 770 адамның жағдайы ауыр, 192 пациенттің жағдайы өте ауыр, 130 науқас ӨЖЖ аппаратында жатыр",– деп жазылған хабарламада.

Ал COVID-19 белгілері бар пневмониямен сырқаттанушылар жөніндегі дерекке келсек, 2 мамырдағы мәлімет бойынша 10 жаңа жағдай тіркелген, 3 жағдай өліммен аяқталған, 50 адам жазылып шыққан.

2020 жылдың 1 тамызынан бастап пневмониямен тіркелген науқастар саны 53 093-ке жетіпті. Өкінішке қарай сол уақыттан бері аурудан 812 адам көз жұмған. Барлығы 51 870 адам сауығып шықты.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу