Коронавируске қарсы иммундық плазма сатып алу шығындары есептеліп жатыр

872

Министрліктің арнайы бұйрығы әзірленді.  

Коронавируске қарсы иммундық плазма сатып алу шығындары есептеліп жатыр

Коронавирустен жазылып шыққандардың қан плазмасын науқастарды емдеуге пайдалану тәжірибесі енгізілуі мүмкін. Еіміздің бас санитарлық дәрігері Айжан Есмағамбетованың айтуынша, ол үшін арнайы бұйрық та әзірленіпті.

"Қазіргі таңда иммундық плазма құю әлі жүргізілген жоқ. Бірақ 15 сәуірдегі шешімге сәйкес, коронавирусті клиникалық емдеу қаулысына иммундық плазма құю бойынша өзгерту енгізілген болатын. Ондай плазманы өндірісте пайдалану туралы бұйрық әзірленді. Денсаулық сақтау министрлігінің сараптамасынан өтуде. Коронавируспен ауырғандарды емдеу үшін плазма сатып алу шығындары есептеліп жатыр", – деді ол. 

Есжан Ботақара

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу