Коронавируске тексеру жиілейді

691

20 мыңнан аса медициналық қызметкер індеттен тексерілген.  

Коронавируске тексеру жиілейді

Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дәурен Абаев бүгін Төтенше жағдай режимін қамтамасыз ету жөніндегі Мемлекеттік комиссия отырысында індетті тест арқылы анықтау жұмысы арта түсетінін мәлім етті.

"Басты міндеттің бірі  – тестілеу жұмыстарының көлемін арттыру. Осы ретте айта кеткен жөн  – сәуір айында анықталған ауру жағдайларының 67%-ы симптомсыз болған. Бұл профилактикалық диагностика арқасында анықталды. Әлемдік тәжірибе көрсеткендей, медицина қызметкерлерін тест арқылы тексеріп отыру өте маңызды. Сол үшін, елімізде 20 мыңнан аса медициналық қызметкер тест арқылы тексерілді", – деді ол.

 Нұржан Көшкін

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу