Коронавируспен ауырғандар екпені неге 3 айдан кейін алуы керек

786

Қоғамдық денсаулық сақтау ұлттық орталығы басқарма төрағасының орынбасары Айнагүл Қуатбаева СOVID-19 вирусымен ауырғандар вакцинаны неге 3 айдан кейін алу керегін түсіндірді, деп хабарлайды inbusiness.kz порталы елорда әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.  

Коронавируспен ауырғандар екпені неге 3 айдан кейін алуы керек

"Елорданың бас санитар дәрігерінің қаулысына сәйкес коронавируспен ауырған адамды 3 айдан кейін вакцинациялау ұсынылып отыр. Бұл шешім инфекциядан кейін 3-6 ай аралығында қайта жұқтыру дерегінің жиі тіркелуіне байланысты", - деді Айнагүл Қуатбаева.

Оның айтуынша, коронавирусқа қарсы екпе алу ауруды қайта жұқтырмау үшін маңызды. Инфекцияны қайта жұқтырудың салдары ауыр болады.
 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу