Жандарбек Бекшин: Коронавируспен ауырғандарда нейротоксикалық синдром белгілері жиі кездеседі

1133

Алматыда халықтың иммундық қабаты 54%-ға жеткен.

Жандарбек Бекшин: Коронавируспен ауырғандарда нейротоксикалық синдром белгілері жиі кездеседі

Қаланың бас санитарлық дәрігері Жандарбек Бекшин онлайн брифинг барысында коронавирус кезінде болатын неврологиялық ауытқулар туралы сөз қозғады, деп хабарлайды inbusiness.kz.  

Оның айтуынша, коронавирус адамның жүйке жүйесін зақымдайды. 

"Егер басында диарея синдромы басым болса, қазір нейротоксикалық синдром басым. Яғни бұл есте сақтау қабілетінің бұзылуы, науқастар жиі есін жоғалтады. Нейротоксикалық синдромда бірінші кезекте ми зардап шегеді. Сонымен қатар науқас адам постковидтық синдроммен ауырады. Ол ұмытшақтық, ойлау қабілетінің баяулауы сынды көптеген өзгерістерге алып келеді", – деді Жандарбек Бекшин.  

Сонымен қатар бас санитарлық дәрігер бүгінде Алматыда халықтың иммундық қабаты 54%-ға жеткенін атап өтті.  

"Биылғы жылдың басынан бері 156,9 мың коронавирус жағдайы тіркелді. Соңғы тәулікте коронавирустың 312 жағдайы анықталды. Дельта штамынан туындаған төртінші толқынның шыңында күніне 1 700 жағдай тіркелді.  Қазір бастапқы болжамға сәйкес инфекциялардың төмендеу динамикасы жалғастыруда", – деді спикер.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу