Коронавируспен ауырғандарды емдеуге 80 млрд теңге жұмсалады

1014

Биыл вакцина сатып алуға 95 млрд теңгеден астам қаражат жұмсау жоспарланған.  

Коронавируспен ауырғандарды емдеуге 80 млрд теңге жұмсалады

Бұл туралы денсаулық сақтау вице-министрі Ажар Ғиният айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz

Вице-министрдің мәлімдеуінше, 95 млрд теңгенің 61 млрд теңгесі вакцина мен шприц алу үшін жұмсалды.

"Стационалардағы науқастарға көмек көрсетіп жатқан медицина қызметкерлерін ынталандыру үшін беріліп жатқан қосымша  ақша бар. Оның мөлшері өткен айларда 89 млрд теңге болды. Ол ай сайын медицина қызметкерлерінің еңбекақысына қосымша беріліп жатыр", – деді Ажар Ғиният.

Денсаулық сақтау министрлігі өкілінің сөзінше,

науқастарды емдеу мен аурудың алдын алуға республикалық бюджеттен 80 млрд теңге жұмсау көзделген.

"Қазір қаражат медициналық ұйымдарға бөлініп жатыр. Сақтандыру қорынан коронавирус дерті дәлелденбеген немесе коронавирус пневмониясымен ауырған адамдарды емдеу үшін 17 млрд теңгеден астам қаражат қарастырылған", – деді вице-министр.

Қанат Махамбет

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу