Коронавируспен ауырып жатқандардың жағдайы қалай

729

ДСМ-нің соңғы мәліметіне сүйенсек елімізде қазір 39 619 адам коронавирус инфекциясынан (38 171 КВИ+ және 1 448 КВИ-) емделіп жатыр, деп хабарлайды inbusiness.kz.

Коронавируспен ауырып жатқандардың жағдайы қалай

Олардың 12 910-ы стационарда ем алып жатса, 26 709 науқас амбулаториялық деңгейде емделіп жүр.

"КВИ+, КВИ- шалдыққандардың арасында 795 адамның жағдайы ауыр, 175 пациенттің жағдайы өте ауыр, 102 науқас ӨЖЖ аппаратында жатыр",– деп жазылған ДСМ хабарламасында.

Коронавирус жұқтырғандар саны күнде өзгеріп отыр. Мысалы өткен тәулікте індет жұқтырудың жаңадан 3695 жағдайы тіркелді, ал ем алып жүргендердің 1 857-і  сауыққандар қатарына қосылды.

Осылайша, елге індет келгелі 454 825 адам ауру жұқтырыпты, олардың 412 007-і жазылған.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу