Коронавируспен күреске бөлінген 2 млрд теңгенің нақты қайда жұмсалатыны туралы есеп Үкімет тарапынан жасалмай отыр. Тіпті, министрлер өзара білгенімен, халықтың ақшасын қалай пайдаланатынын ашып айта алмайды, деп хабарлайды Atameken Business.
Бір қызығы, денсаулыққа жауапты ведомство жетекшісінің өзі құқығының жоқтығын сылтауратып, сұраққа қысқа жауап қайырды. Бар айтқаны – қаражат бетперде, костюм, көзәйнек, залалсыздандыратын құралдар, зертхана, тепловизорлар, диагностикалауға арналған зертханалық жабдықтар сынды қорғаныс заттарын сатып алуға жұмсалады екен.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу