Коронавирустан 110 адам жазылып шықты

1013

13 сәуір 14.30-дағы эпидемиологиялық жағдай.

Коронавирустан 110 адам жазылып шықты

Коронавирус індетін жұқтырған тағы 6 адам тiркелді, Нұр–Сұлтан қаласында – 4 адам, Солтүстік Қазақстан облысында – 1 адам, Шығыс Қазақстан облысында – 1 адам.

"Осы сағатта Нұр–Сұлтан қаласы бойынша 257 адам, Алматы қаласында – 172 адам, Қарағанды облысында – 76 адам, Ақмола облысында – 71 адам, Атырау облысында – 59 адам, Жамбыл облысында – 46 адам, Шымкент қаласында – 38 адам, Шығыс Қазақстан облысында – 8 адам, Алматы облысында – 21 адам, Ақтөбе облысында – 11 адам, Солтүстік Қазақстан облысында – 26 адам, Павлодар облысында – 10 адам, Маңғыстау облысында – 10 адам, Қызылорда облысында – 119 адам, Батыс Қазақстан облысында – 9 адам, Түркістан облысында – 43 адам, Қостанай облысында – 3 адам, жалпы 979 науқас тіркелді",– деп жазылған шұғыл штаб хабарламасында.

Бүгінде Сovid-19 979 адамға жұқса, оның бүгінге дейін 110-ы ауруды жеңіп, жазылып шыққан: Нұр–Сұлтан қаласында – 43, Алматы қаласында – 49, Шымкент қаласында – 2, Ақтөбе облысында – 1, Алматы облысында – 1, Атырау облысында – 5, Жамбыл облысында – 3, Батыс Қазақстан облысында – 1, Қарағанды облысында – 1, Қызылорда облысында – 1, Маңғыстау облысында – 1, Павлодар облысында – 1, Солтүстік Қазақстан облысында – 1.

Өкінішке қарай, 12 адам аты жаман аурудан көз жұмды:Нұр–Сұлтан қаласында – 1, Алматы қаласында – 2, Шымкент қаласында – 1, Ақмола облысында – 4, Шығыс Қазақстан облысында – 1, Қарағанды облысында – 1, Павлодар облысында – 1, Түркістан облысында – 1.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу