Коронавирустан 118 адам қайтыс болды

632

551 науқастың жағдайы өте ауыр. 

Коронавирустан 118 адам қайтыс болды

Елімізде COVID-19 вирусынан 118 адам, пневмониядан 45 адам көз жұмды, деп хабарлайды inbusiness.kz.

Өткен тәулікте коронавирус жұқтырудың 7 348 дерегі тіркелді. Осылайша, COVID-19 жұқтырғандар саны 723 064-ке жетті.

5 886 адам коронавирустан айықты. Пандемия басталғалы бері 597 850 адам COVID-19-дан емделіп, сауығып шықты.

20 тамыздағы мәлімет бойынша 122 620 адам коронавирустан емделіп жатыр.
"Олардың ішінде 30 128 пациент стационарда, 94 492 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда. 1 918 адамның жағдайы ауыр, 551 пациенттің жағдайы өте ауыр, 248 науқас өкпені жасанды желдету аппаратына қосылған", - деп жазылған хабарламада.

Сондай-ақ коронавирус пен пневмониядан 163 адам қайтыс болды.
2021 жылғы  20 тамыздағы жағдай бойынша Қазақстан өңірлеріндегі эпидемиологиялық ахуалды бағалау матрицасы төмендегідей:

"Қызыл аймақта": Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалалары, Ақмола, Ақтөбе, Алматы, Атырау, Батыс Қазақстан, Жамбыл, Қарағанды, Қостанай, Қызылорда, Маңғыстау, Павлодар, Солтүстік Қазақстан және Шығыс Қазақстан облыстары.
"Жасыл аймақта": Түркістан облысы.

Айта кетейік, Қазақстанда коронавирусқа қарсы вакцинаның бірінші компонентін 6 276 224 адам, екінші компонентін 4 913 196 адам салдырды.
 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу