Коронавирустан 1355 адам көз жұмды

769

Бүгін Хубей провинциясында тағы 242 адам қайтыс болды.

Коронавирустан 1355 адам көз жұмды

Коронавирус жұқтырғандар қатары осы айдың соңында күрт көбейіп, наурызға қарай көрсеткіш бәсеңдей бастайды. Қытай ғалымдары осындай болжам жасап отыр, деп хабарлайды Atameken Business.

Инфекция жұқтырғандарды жаңа әдіс бойынша анықтай бастаған олар, бір тәулік ішінде 15 мың адамды тіркеуге алған. Бүгін Хубей провинциясында тағы 242 адам қайтыс болды. Әлем бойынша ауырып жатқандар саны 45 мыңнан асады. Қытайдан басқа мемлекеттерде 175 адам оқшауланып, ем қабылдап жатыр.

"Математикалық модельдеу нәтижесі бойынша, оңтүстіктегі індет ақпанның 15-нен кейін немесе ай соңында шарықтау шегіне жетуі тиіс",– дейді Қытай инженерлік академиясының академигі Жон Наньшань.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу