Өткен тәулікте еліміз бойынша 6 адамнан коронавирус анықталған.
Бұл жұқпалы дерттен емделіп жатқандар саны әлі де аз емес. 6 010 адамның (4 990+ және 1 020 КВИ-) 593-і стационарда жатса, 5 417 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда.
ДСМ мәліметіне сүйенсек, КВИ+, КВИ- шалдыққандардың арасында 48 адамның жағдайы ауыр, 22 пациенттің жағдайы өте ауыр, 13 науқас ӨЖЖ аппаратында жатыр.
Өткен тәулікте өлім-жітім тіркелмеген.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу