Коронавирустан 2,1 мыңнан астам адам қайтыс болды

957

Індет Иранға да жетіп, осы елдің егде жастағы екі азаматының вирустың кесірінен қайтыс болғаны белгілі болды. 

Коронавирустан 2,1 мыңнан астам адам қайтыс болды

Коронавирус құрбандарының саны 2112-ге жетті. Індет ошағы болған Хубей провинциясында бір тәулікте тағы 108 адам жантапсырды, деп хабарлайды Atameken Business.

Бірақ бүгін ауру жұқтырғандар саны айтарлықтай азайғаны байқалады. Жалпы саны – 349. Осыған дейін күн сайын 1700 адам тіркелетін.

Қазір бұл жақта 62 мыңнан аса тұрғын ауруханада жатыр. Індет Иранға да жетіп, осы елдің егде жастағы екі азаматының вирустың кесірінен қайтыс болғаны белгілі болды. Әлемдегі бірқатар ірі әуе компаниясы Қытай, Гонконг және Сингапур арқылы ұшатын халықаралық рейстерінің санын 15 пайызға дейін шектеді. Екі айдан кейін ғана олар қалыптасқан тәртіппен қызмет көрсете бастайды. Австралиялық компаниялар шығын көлемін есептеп үлгерді. Олар осы уақыт аралығында 100 млн доллар жоғалтады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу