Коронавирустан 7 адам көз жұмды

451

Қазақстан бойынша аталған дерттен көз жұмғандар саны 127-ге жетті.

Коронавирустан 7 адам көз жұмды

Коронавирус індетінен 7 адам көз жұмды, деп хабарлады шұғыл штаб.
Нұр-Сұлтан қаласында 1967, 1956, 1962 және 1975 жылғы ер азаматтар, 1967 және 1951 жылы дүниеге келген әйел адамдар, Қостанай облысында 1949 жылы туған ер адам қайтыс болды.

"Өлім нәтижелерін зерттеу жөніндегі комиссия бұл жағдайларды коронавирустық инфекциядан қайтыс болған деп тіркеуге шешім қабылдады",– деп жазылған хабарламада.

Қазақстан бойынша аталған дерттен көз жұмғандар саны 127-ге жетіп отыр:

Нұр-Сұлтан қаласында – 38, Алматы қаласында – 20, Шымкент қаласында – 13, Ақмола облысында – 8, Ақтөбе облысында – 1, Атырау облысында – 3, Шығыс Қазақстан облысында – 1, Жамбыл облысында – 1, Батыс Қазақстан облысында – 6, Қарағанды облысында – 10, Қостанай облысында – 3, Маңғыстау облысында – 2, Павлодар облысында – 13, Түркістан облысында 8 адам қайтыс болды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу