Коронавирустық инфекциядан қайтыс болған азаматшамен байланыста болған 6 адам оқшауланды. Бұл туралы Алматыда өткен онлайн брифингте Қоғамдық денсаулық басқармасының басшысы Тілеухан Әбілдаев мәлімдеді.
"Азаматшамен байланыста болғандар туралы өңірден тиісті ақпарат келді. Бүгін Алматы қаласында науқаспен жақын байланыста болған 6 адам анықталды. Олардың барлығы тексерістен өту үшін қаланың провизорлық емханаларына жатқызылды", – деді Тілеухан Әбілдаев.
Құралай Құдайберген
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу