26 маусым 23:59-дағы эпидемиологиялық жағдай бойынша 569 адам коронавирус жұқтырды, деп хабарлайды coronavirus2020.kz сайты.
Өсім 2,9% құрады. Аймақтар бойынша: Нұр-Сұлтан қаласы - 47 (1,3%) Алматы қаласы - 73 (2,1%) Шымкент қаласы - 58 (3,9%) Ақмола облысы - 20 (4,8%) Ақтөбе облысы - 33 (4,6%) Алматы облысы - 17 (2,6%) Шығыс Қазақстан облысы - 40 (6,6%) Жамбыл облысы - 13 (2,0%) Батыс Қазақстан облысы - 40 (3,1%) Қарағанды облысы - 48 (2,3%) Қостанай облысы - 31 (7,4%) Қызылорда облысы - 11 (1,8%) Маңғыстау облысы - 5 (1,1%) Павлодар облысы - 37 (6,2%) Солтүстік Қазақстан облысы - 37 (12,3%) Түркістан облысы - 59 (8,3%)
"Аурудың нәтижесінде өліммен аяқталған тағы үш оқиға тіркелді: Солтүстік Қазақстан облысында - 1955 жылы туған әйел және 1969 жылы туылған ер адам, Шығыс Қазақстан облысында - 1959 жылы туылған ер адам", деп жазады сайт.
"Қазақстанда барлығы 150 адам өлімі тіркелді", - делінген ақпаратта.
Жалпы ел бойынша ауырғандар саны – 20319, жазылып шыққандар –12548.