Коронавирус өршіп кеткендіктен, Макаодағы казинолар екі аптаға жабылды. Себебі бұл елдімекенде 10 адамның індетке шалдыққаны анықталған, деп хабарлайды Atameken Business.
Қазір мұнда сырттан көліктердің кіріп-шығуына шектеу қойылған. Жергілікті халықтан масканы тастамай тағып жүру және аса қажет болмаса, далаға шықпау талап етілді.
Макао – Қытайдағы ойынқұмарлар жиналып, қисапсыз қаржы шығындайтын орталық.
Бүгін әлем бойынша коронавирус жұқтырғандар саны 24 мың 324-ке жетті. Қайтыс болғандар – 490. Қытайдан басқа елдерде көз жұмғандар қатары 200-ге жетті.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу