Елімізде коронавирус пен пневмониядан тағы 92 адам қайтыс болды

938

Өткен тәулікте 7 мыңға жуық адамнан COVID-19 анықталды. 

Елімізде коронавирус пен пневмониядан тағы 92 адам қайтыс болды

Қазақстанда коронавирустан 81 адам, пневмониядан 11 адам көз жұмды, деп хабарлайды inbusiness.kz.

Өткен тәулікте коронавирус жұқтырудың 6 925 дерегі тіркелді. Осылайша, елімізде COVID-19 жұқтырғандар саны 549 628-ге жетті.

5 096 адам коронавирустан айықты. Пандемия басталғалы бері 457 098 адам COVID-19-дан емделіп, сауығып шықты.

28 шілдедегі мәлімет бойынша 89 058 адам коронавирус емделіп жатыр.

"Олардың ішінде 24 748 пациент стационарда, 64 310 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда. 1 500 адамның жағдайы ауыр, 319 пациенттің жағдайы өте ауыр, 160 науқас өкпені жасанды желдету аппаратына қосылған", - деп жазылған Денсаулық сақтау министрлігі таратқан хабарламада.

Сонымен қатар коронавирус пен пневмониядан 92 адам қайтыс болды.

Қазақстан өңірлеріндегі эпидемиологиялық ахуалды бағалау матрицасы төмендегідей:

"Қызыл аймақта": Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалалары, Ақмола, Ақтөбе, Алматы, Атырау, Батыс Қазақстан, Жамбыл, Қарағанды, Қостанай, Қызылорда, Маңғыстау, Павлодар, Солтүстік Қазақстан және Шығыс Қазақстан облыстары.

"Сары аймақта": Түркістан облысы.

Айта кетейік, елімізде коронавирусқа қарсы вакцинаның бірінші компонентін 5 230 750 адам, екінші компонентін 3 436 617 адам салдырды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу