Коронавирус індетінен екі науқас көз жұмды, деп хабарлады шұғыл штаб.
Оның бірі 1954 жылы дүниеге келген Нұр-Сұлтан қаласының, ал екіншісі 1945 жылы туған Алматы қаласының тұрғыны.
Барлығы 24 адам жұқпалы дерттің құрбаны болып отыр: Нұр-Сұлтан қаласында – 3, Алматы қаласында – 8, Шымкент қаласында – 4, Ақмола облысында – 4, Шығыс Қазақстан облысында – 1, Қарағанды облысында – 1, Қостанай облысында – 1, Павлодар облысында – 1, Түркістан облысында – 1.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу