Коронавирустан қайтыс болу көрсеткіші 4,8 есе төмендеді

716

Үкімет отырысында Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой еліміздегі эпидемиологиялық ахуалға қатысты мәлімдеме жасады, деп хабарлайды inbusiness.kz.

Коронавирустан қайтыс болу көрсеткіші 4,8 есе төмендеді

Алексей Цойдың айтуынша, соңғы 2 аптада сырқаттану көрсеткіші 11%-ға төмендеді. 

"Бүгінгі таңда Жамбыл, Маңғыстау, Түркістан, Ақтөбе, Батыс Қазақстан, Атырау, Алматы облыстары және Шымкент қаласы "жасыл" аймақта тұр. 

Шығыс Қазақстан, Қызылорда, Қарағанды облыстары, Алматы және Нұр-сұлтан қалалары "сары аймақта". Қостанай, Павлодар және Солтүстік Қазақстан облыстары қызыл "аймақта", – деді министр. 

Оның сөзінше, коронавирус инфекциясын жұқтыру көрсеткіші 4,5, ал осы аурудан қайтыс болу көрсеткіші 4,8 есе төмендеді. 

Қанат Махамбет 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу