Коронавирустан қаза болғандардың саны 3066-ға жетті

657

Оның 2946-сы қытайлық азамат.

Коронавирустан қаза болғандардың саны 3066-ға жетті

Қытайдың мемлекеттік CGTN телеарнасының дерегіне сүйенсек, елде жаңа коронавирусты жұқтырғандардың саны 80302-ге, ал марқұмдардыкі 2946-ға ( екеуі Гонкгонгте, біреуі Тайваньда ) жеткен. 47260-сы ем-дом қабылдап, жазылған екен. 

Ал Қытайдан басқа елдердегі науқастардың саны – 8700. Оның 120-сы ажал құшыпты. 
Оңтүстік Кореяда 4812 кісінің ағзасынан Covid-19 деп аталатын жаңа коронавирус табылса, оның 29-ы ауруды асқындырып, жан тапсырған. 

Ал Иранда марқұмдардың саны 66 болды. Италияда 2036 жұқтыру фактісі тіркелсе, оның 52-сі қаза болды. АҚШ-тың 102 азаматы дертке шалдықса, оның 6-сы ажал құшты.

ДДҰ коронавирус эпидемиясының  қауіп-қатер потенциалы өте жоғары деп бағалап отыр. Ескере кететін жайт,осы күнге дейін вирус жұқтыру фактілері әлемнің 57 елінде тіркелді. 

Табиғат Нұрболат

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу