Коронавирустан қорғануға бөлінетін қаржы 3,5 млрд теңгеге жеткізіледі

1020

Үкімет резервінен қосымша 2 млрд теңге бөлінбек. 

Коронавирустан қорғануға бөлінетін қаржы 3,5 млрд теңгеге жеткізіледі

Коронавирустан қорғануға бөлінетін қаржы 3,5 млрд теңгеге жеткізіледі. Бүгін мәжіліс қабырғасында Қаржы министрі Әлихан Смайылов осылай деп, қауіпті дерттен сақтануды күшейтетіндігін мәлімдеді, деп хабарлайды Atameken Business.

Бұған дейін 30 қаңтарда Үкімет жанындағы ведомствоаралық комиссияның жетекшісі, вице-премьер Бердібек Сапарбаев қорғану шараларына 1,5 млрд теңге бөлінетінін айтқан еді. Енді міне, Үкімет резервінен тағы қосымша 2 млрд теңге бөлінбек. Берілген қаржыға Денсаулық сақтау министрлігі бүкіл ауруханалар қорын қажетті құрал-жабықтармен қамтамасыз етіп қоюға тиіс.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу