Коронавирустан көз жұмған әйелмен байланыста болған 16 жамбылдық ауру жұқтырмаған

760

Бұған дейін хабарланғандай, 15-18 наурыз аралығында коронавирустан қайтыс болған Ақмола облысының тұрғыны Жамбыл облысының Шу және Меркі аудандарына келіп-кеткен.  

Коронавирустан көз жұмған әйелмен байланыста болған 16 жамбылдық ауру жұқтырмаған

Ақмола облысының коронавирустан қайтыс болған тұрғынымен байланыста болған 16 жамбылдықтан алынған талдау нәтижесі шықты, деп хабарлайды облыс әкімінің баспасөз қызметі.

Медициналық және эпидемияға қарсы қызметтер марқұммен байланыста болған 16 адамды анықтады: Шу ауданында – 10, Меркі ауданында – 6 адам. Олардан коронавирус инфекциясына алынған талдау қорытындысы теріс нәтиже көрсетті.

Азаматтардың жағдайы бірқалыпты, инфекция белгілері жоқ. Олар 14 күндік карантиндік стационарға жатқызылған.

Келген орындарында медициналық қызметкерлер эпидемияға қарсы қажетті іс-шаралар жүргізді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу